Фёдор Иванович Щербаков (26 мамыр 1947 жыл, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы – 16 тамыз 2022 жыл) — қазақстандық әскери қайраткер, генерал-лейтенант (1993).

Өмірбаяны Щербаков Ташкент жоғары жалпы әскери командалық училищесін (1970), Мәскеудегі әскери академияны (1980), РФ Қарулы Күштері Бас штабының әскери академиясын (1992) бітірген. 1970–1987 жылдары ол Германиядағы Кеңес әскері тобында, Қиыр Шығыс, Мәскеу әскери округтерінде басшы қызметтер атқарды. 1987–1990 жылдары ол құрама командирі, бірлестік қолбасшысының орынбасары болды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 40-армия қолбасшысының 1-орынбасары (1992), 1-армия корпустың командирі (1992–1994), Құрлық әскерлерінің қолбасшысы – Қорғаныс министрінің 1-орынбасары (1994–1998), Жалпы қолданыстағы күштердің қолбасшысы (1998–2000) қызметтерін атқарды.

Қызыл жұлдыз, Құрмет ордендерімен марапатталған.

2022 жылғы 16 тамызда қайтыс болды.Умер бывший командующий Сухопутными войсками Казахстана Фёдор Щербаков. Tengrinews.kz.

Марапаттары Құрмет ордені; Қызыл жұлдыз ордені; КСРО және Қазақстан Республикасының 20-дан астам медальдары.

Дереккөздер

Санат:1 дәрежелі Қалтқысыз қызметі үшін медалінің иегерлері Санат:2 дәрежелі Қалтқысыз қызметі үшін медалінің иегерлері Санат:3 дәрежелі Қалтқысыз қызметі үшін медалінің иегерлері Санат:Қазақстан генерал-лейтенанттары Санат:Бас штабтың Әскери академиясы түлектері