Абай ауылдық округі — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Абай, Тассай ауылдары кіреді. Орталығы – Абай ауылы.

Тарихы Кеңес заманында Черкасск ауылдық кеңесі деп аталған. 1997 жылы таратылған Киров ауылдық округі (орталығы Сусановка а.) мен Сарысай ауылдық округінің Тассай ауылы Абай ауылдық округіне берілді.Облыстың әкімшілік аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы Кейін Сухиновка ауылы Абай ауылы болып өзгертілді. 1999 жылы жаңадан құрылған Дөң ауылдық округіне Абай ауылдық округінің Сусановка, Қызылжар ауылдары берілді.Хромтау ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы Сол жылы Матвеевка ауылы Жарбұтақ ауылы болып өзгертілді.Хромтау ауданының ауылдық округтері мен ауылдарының аттарын өзгерту туралы 2019 жылы округ құрамында болған Жарбұтақ, Аралтөбе ауылдары таратылды.Ақтөбе облысының Әйтеке би, Қарғалы және Хромтау аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы

Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 366 адамды (204 ер адам және 162 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Хромтау ауданы ауылдық округтері