Жамантұз — Ақмола облысы Бурабай және Зеренді аудандарының шекарасында, Қылшықты өзенінің сол жағалауында орналасқан тұзды тұйық көл. Кенесары ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 км жерде, теңіз деңгейінен 284,7 м биіктікте.
Гидрографикасы Аумағы 7,2 км2, ұзындығы 3,6 км, енді жері 2,7 км. Жағалау бойының ұзындығы 10,2 км. Орташа тереңдігі 2 м шамасында. Жағалауы жайпақ, құмтасты келеді. Қар және жауын-шашын суларымен толысады. Жайылмасында сораң шөптер, жусан, қамыс өседі. Суы көктемде кермек татып, минералдылығы артады.
Санат:Бурабай ауданы көлдері Санат:Зеренді ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы