Белтерек – Семейтау тауларының шығысындағы тау.

Географиялық орны Абай облысы Жаңасемей ауданында орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 428 м. Тау солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Ұзындығы 10 км, ені 3 – 5 км шамасында. Оңтүстік беткейі тік, түпкі жыныстары жалаңаштанған.

Өсімдігі Қоңыр топырағында бұталар, жусан, астық тұқымдас өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жаңасемей ауданы таулары