Әбділғазиз (; 9 ақпан 1830 — 4 маусым 1876) — Османлы мемлекетінің 32-ші сұлтаны, Ислам халифатының 97-ші халифі.
Әбділғазиз жаңартпалар жүргізуді қалады, халық арасында танымал болды, және халыққа мемлекеттік қазынаны үнемдеуге ант берді. Бірақ ол өзінің жоспарларын жүзеге асыруға берік болмағандықтан, оның жаңартпалары жүзеге аспады. 1862 жылдан бастап сұлтан жүйке жүйесінің бұзылуына ұшырады, сондықтан 1871 жылға дейін мемлекеттік істерді садрағзамдар жүргізді.
Өмірбаяны нобай|солға|200px|Бақытсыз Әбділғазиз
Әбділғазиз 1830 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны II Махмұт шаңырағында дүниеге келді.
Әбділғазиз билеген жылдарының ең маңызды оқиғалары: 1866 жылы Кандияда төңкеріс басталуы, 1867 жылы Белградтың Сербияға өтуі, 1868 жылы Грекияның мәмілегерлік жеңісі, Мысыр бейлербейін басу болды.
1863 жылы Әбділғазиз садрағзам Кешешізада Мехмет Әмин Фуат пашамен бірге Мысырға сапар шекті.
Ажалы 1876 жылдың 30 мамырында садрағзам Мүтержім Мехмет Рүшді паша мен уәзір Құсайын Әуні паша Әбділғазизді тақтан безуге мәжбүрлетті. Бірнеше күннен кейін, 4 маусымда, ресми жариялау бойынша, сұлтан өзінің көктамырын кесіп, өзін-өзі өлтірді. 1871 жылғы соттық үдеріс нәтижесінде Мидхат паша бастаған мемлекеттік қайраткерлер сұлтанның өліміне байланысты екені дәлел болды.
Суреттері
Садрағзамдары № Есімі Қызмет атқарған мерзімі Уақыты 235 Кипрлі Мехмет Әмин паша 25 маусым 1861 — 6 тамыз 1861 2 ай 236 Мехмет Әмин Әли паша 6 тамыз 1861 — 22 қараша 1861 3 ай 237 Кешешізада Мехмет Әмин Фуат паша 22 қараша 1861 — 6 қаңтар 1863 1 жыл 2 ай 238 Жүсіп Кәміл паша 6 қаңтар 1863 — 3 маусым 1863 4 ай 239 Кешешізада Мехмет Әмин Фуат паша 3 маусым 1863 — 5 маусым 1866 3 жыл 2 күн 240 Мүтержім Мехмет Рүшді паша 5 маусым 1866 — 11 ақпан 1867 8 ай 241 Мехмет Әмин Әли паша 11 ақпан 1867 — 7 қыркүйек 1871 4 жыл 242 Махмұт Нәдім паша 7 қыркүйек 1871 — 31 шілде 1872 10 ай 243 Мидхат паша 31 шілде 1872 — 19 қазан 1872 1 жыл 244 Мүтержім Мехмет Рүшді паша 19 қазан 1872 — 15 наурыз 1873 5 ай 245 Ахмет Есет паша 15 наурыз 1873 — 15 сәуір 1873 1 ай 246 Ширванизада Мехмет Рүшді паша 15 сәуір 1873 — 14 ақпан 1874 10 ай 247 Құсайын Әуні паша 14 ақпан 1874 — 25 сәуір 1875 1 жыл 248 Ахмет Есет паша 25 сәуір 1875 — 26 тамыз 1875 4 ай 249 Махмұт Нәдім паша 26 тамыз 1875 — 12 мамыр 1876 9 ай 250 Мүтержім Мехмет Рүшді паша 12 мамыр 1876 — 30 мамыр 1876 8 күн
Қызықты деректер Әбділғазиз — Еуропаға сапар шеккен алғашқы османлы сұлтаны. 1867 жылдың маусымында Францияға сапар шекті, ал 1867 жылдың 30 маусымында Парижде өткен Дүниежүзілік көрмені көріп келді. Сонымен қатар сұлтан 12-23 шілде аралығында Лондонда болды, 24 шілдеде Кобленцте пруссиялық патша жұбымен жүздесті, бес күн Венада болып, 7 тамызда Константинопольге қайтып оралды.
Санат:9 ақпанда туғандар Санат:Стамбулда туғандар Санат:Османлы империясының сұлтандары Санат:Өлтірілген монархтар