Жіңішкесу – Аягөз алабындағы өзен.

Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 41 км, су жиналатын алабы 270 км2.

Бастауы Бастауын Қарапішен тауының оңтүстік баурайынан алып, Аягөз өзенінің оң саласы – Қурайлы өзеніне құяды.

Гидрологиясы Өзен арнасы жонды-белесті, сайлы-жыралы өңірмен ағады. Ақшоқы тауының тұсында (орта ағысында) жағалаулары тік жарқабақты келген. Суы қарашаның 2-жартысында қатып, сәуірдің 1-онкүндігінде ериді. Аңғары шабындық және мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Аягөз ауданы өзендері Санат:Аягөз су алабы