II Мұхаммед (Әбу әл-Уәлид Мұхаммед ибн Хишам әл-Махди биллаһ, , 976 — 1010) — Кордоба хилафатының халифі (1009 және 1010), III Әбдіррахманның немересі, Умәйя әулетінің мүшесі.
Өмірбаяны II Мұхаммед 1009 жылы II Хишамның тақтан бас тартуынан кейін билік басына отырды. Таққа отыра салысымен ол сақалибтер мен берберлемен шайқас жүргізді. Көтерілестен бірнеше ай өткенен кейін берберлер III Әбдіррахманның немересі Хишамды халиф деп жариялап көтеріліске шығады, ал Хишам өлтірілгеннен кейін билік оның жиені Сүлейменге беріледі. Сонымен қатар берберлер Кордоба қаласын тонап талқандайды. Сүлеймен халиф атанып, II Мұхаммед Толедоға қашуға мәдүр болады. Алайда көп ұзамай Уәдих басқарған сақалибтер 1010 жылы Кордобаны қайта басып алып, таққа II Мұхаммедті қайтарады. Дегенмен Мұхаммедтің тәкаппарлығына ызаланған сақалибтер оны өлтіреді.