«Джу́но» () — 2007 жылғы американдық драма-комедиялық фильм, Диабло Коуди сценариі бойынша Джейсон Райтман түсірген. Басты кейіпкер, еркін ойлы қыз - Джуно, жоспарланбаған жүктілікке және оның кейінгі салдарына тап болады. Ол кейіпкерді Эллен Пейдж сомдады. Сондай-ақ, фильмде Майкл Сэра, Оливия Тирлби, Дж. К. Симмонс, Эллисон Дженни, Дженнифер Гарнер және Джейсон Бэйтман рөл ойнады. Түсірілім жұмыстары 2007 жылы 14 ақпаннан 27 наурыз аралығында Ванкуверде, Британиялық Колумбияда, Канадада өтті. Фильм премьерасы 2007 жылы 8 қыркүйекте Торонтодағы халықаралық кинофестивальде болды, фильмді үлкен қошеметпен қарсы алды. «Джуно» $7,5 миллиондық өз бюджетінің орнын он екі күн ішінде орнын жауып үлгерді.

«Джуно» көптеген сыншылардың оң бағасын алды, олардың көбісі фильмді өздерінің жеке "жылдың он үздік фильм" тізіміне қосты. 2008 жылы кинолента ерекше сценарий үшін «Оскар» марапатына ие болды. Сондай-ақ, тағы басқа санаттарда номинация алды, олар «Үздік фильм» және «Үздік әйел рөлі» (Эллен Пейдж).

Рөлдерде АктёрРөлЭллен ПейджДжуно МакгаффМайкл СераПоли БликерДженнифер ГарнерВанесса ЛорингДжейсон БейтманМарк ЛорингЭллисон ДженниБрен МакгаффДж. К. СиммонсМак МакгаффОливия ТирлбиЛиаРэйн УилсонРолло

Дереккөздер

Санат:АҚШ драма-фильмдері Санат:АҚШ кинокомедиялары