ДӘУІТБАЕВА Сара Төлегенқызы (15.9.1933 жылы туған, Қазалы ауданы) – дәрігер. Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері. КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі. Алматы медицина институтын (ҚазҰМУ) бітірген (1958). 1958 – 1962 ж. Қызылорда қалалық балалар емханасының дәрігері. 1962 – 1991 ж. Қызылорда медицина училищесінің директоры. Дәуітбаева облыстық қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, 7 рет қалалық кеңеске депутат болып сайланған. «Құрмет белгісі» ордені және медальдармен марапатталған.
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Сара Төлегенқызы Дәуітбаева · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.