Мэри Энн Тодд Линкольн (, 13 желтоқсан 1818 – 16 шілде 1882) – Америка Құрама Штаттарының 16-ші президенті Авраам Линкольннің жұбайы және 1861-1865 жылдары аралығында АҚШ-тың Бірінші ханымы.
Өмірбаяны солға|нобай|229x229 нүкте|Мэри Тодд Линкольн Мэри Тодд 1818 жылы Лексингтон, Кентукки штатында бай ақсүйек отбасында дүниеге келді. Оның анасы 1825 жылы қайтыс болды, ал әкесі екінші рет үйленді. 1839 жылы Спрингфилдке, Иллинойс штатына көшеді. Жаңа жерде ол табыскер саясаткер Стивен Дугластың көңілін аулаған. Алайда Мэри Тоддты қарапайым заңгер Авраам Линкольн қызықтырды. Олар екі жыл кездесіп, ақыры 1842 жылы 4 қарашада үйленеді.
Жұбайларда төрт баласы болды: Роберт Тодд Линкольн (1843—1926), Эдвард Бэйкер Линкольн (1846—1850), Уильям Уоллес Линкольн (1850—1862) Томас Линкольн (1853—1871). Роберт Линкольн (1843 – 1926) – төрт баланың ішінде тек Роберт анасынан артық өмір кешті. солға|нобай|278x278 нүкте|Мэри Линкольн
1861 жылы Авраам Линкольн Америка Құрама Штаттарының президентінің лауазымын атқаруын бастады. Бірінші ханым ретінде Мэри көп уақытын Ақ үйді жаңғыртуға жұмсады. Сондай-ақ Азамат соғысы кезінде ол жиі әскери ауруханаларға жаралы сарбаздардың көңілін сұрауға баратын. Мэри Линкольн құлдыққа қарсы шығып, күйеуінің одақты сақтап қалу саясатын қолдады.
Соғыстың аяқталуынан кейін бес күн өткен кезде, 1865 жылы 14 сәуірде Авраам Линкольн Форд театрында атылған. Қойылым кезінде жұбайының қасында отырған Мэри бұл қайғыдан арылмай, ақыры ақылынан адасты. 1875 жылы ұлы Роберт оны психиатриялық ауруханаға жатқызады. Қалған өмірін Мэри Линколь Францияда өткізді. 63 жасында 1882 жылы өмірден озды.
Сыртқы сілтемелер Mary Todd Lincoln House Mary Todd Lincoln Research Site