Бәшенкөл — Ақтөбе облысы Темір ауданы, Кеңқияқ ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Округ орталығы - Кеңқияқ ауылынан оңтүстікке қарай 18 км-дей жерде, Көкжиде құмының батысында орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 337 адам (156 ер адам және 181 әйел адам) болса, 2009 жылы 211 адамды (106 ер адам және 105 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 53 адамды (33 ер адам және 20 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Транспорты Елді мекен арқылы Кеңқияқ-Жарқамыс-Бейнеу-Ақтау-Жаңаөзен тас жолы өтеді.

Дереккөздер

Санат:Темір ауданы елді мекендері