Жеңіс шеруі - Мәскеудегі Қызыл алаңды 1945 жылдың 24 маусымында болған шеру. Ұлы Отан соғысында КСРО-ның Германияны жеңуін тойлау үшін Мәскеуде Қызыл алаңда жасалған тарихи Жеңіс шеруі.
1945 жылдың 22 маусымында КСРО-ның бас газеттерінде КСРО Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы И.В.Сталиннің №370 бұйрығы жарияланды.
1945 жылы 24 маусымда Жеңіс шеруі өткен еді. Ол суреттерге түсірілген болатын. Онда сағат 9:00 бұлтты болғаны көрінген. Шеру басталмас бұрын, яғни 15 минут бұрын жаңбыр жауа бастаған, кейін ол нөсерге айналған. Жаман ауа-райының әсерінен шерудің әуедегі бөлігі мен еңбектенушілердің демонстрациясын жоспардан алып тастады. Кешке от шашу болғанда, жаңбыр қойып, ауа-райы жақсарды.
Жеңіс Шеруін Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков қабылдады. Шеруді Кеңес Одағының Маршалы К.К.Рокоссовский басқарды. Олар Қызыл Алаңнан ақ және қара жылқылармен өтті. И.В.Сталин шеруді Лениннің кесенесінен бақылады. Трибунада Молотов, Калинин, Ворошилов және т.б. саясибюро мүшелері де болды. Г.К.Жуков Совет басқармасының және Кеңес Одағының Комунистік Партисының атынан және бұйрығымен айбынды кеңес жауынгерлерін Германдық империализмды жеңуімен құттықтады.
Санат:Жеңіс шерулері Санат:1945 жылғы маусым Санат:24 маусым оқиғалары Санат:1945 жыл Мәскеуде Санат:Қызыл алаңдағы шерулер