Байсын (1997 жылға дейін — Жаңатұрмыс) — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, темір жол станциясы, Жаңатұрмыс ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 4 км жерде, Сырдария өзенінің Шилі тармағы жағалауында орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 846 адам (418 ер адам және 428 әйел адам) болса, 2009 жылы 875 адамды (432 ер адам және 443 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Тарихы Іргесі 1928 жылы «Жаңатұрмыс» ұжымшары негізінде қаланған. 1996 жылға дейін Жаңатұрмыс ауылы деп аталып, Ы.Жақаев атындағы ұжымшар бөлімшесінің орталығы болған.
Инфақұрылымы Байсын ауылында №207 Жаңатұрмыс орта мектебі бар.
Дереккөздер
Санат:Шиелі ауданы елді мекендері