Жиделіарық — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, Жиделіарық ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі кентінен солтүстікке қарай 12 км-дей жерде, Шиелі-Телікөл каналы бойында орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 840 адам (449 ер адам және 391 әйел адам) болса, 2009 жылы 905 адамды (475 ер адам және 430 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы

Тарихы Іргесі 1928 жылы қаланды. 1928-96 жылдары күріш өсіретін «Коммунизм» ұжымшары бөлімшесінің орталығы болған.

Дереккөздер

Санат:Шиелі ауданы елді мекендері