Мөрлі жүзік — ертедегі хан-сұлтандардың, би, әскер басы, т. б. дәрежелі кісілердің бір нәрсені куәландыру үшін мөр басатын арнаулы жүзігі. Ондай жүзіктің көзінде әдейі құйылған таңба болады. Мөрлі жүзік туралы қазақ эпостарында айтылады, өткен ғасырдың басында қолданудан шығып қалған. «Хат берген даулы жерге мөр басатын, Қолында қызыл алтын жүзігі бар» (Қазақ эпосы, Алматы, 1958, 485-б.).Қазақ қолөнері аталымдарының түсіндірме сөздігі, «Сардар» баспа үйі, Алматы, 2012, 312-б. ISBN 978-601-7174-29-3

Дереккөздер