Сергей Васильевич Харченко (7 шілде 1945 жылы туған, Украина, Житомир облысы Емильчинский ауданы Хлеборобское селосы) – тарих ғылымдарының кандидаты (1985) және әлеуметтану ғылымдарының докторы (1995), профессор.
Өмірбаяны ҚазМУ-ды (1975, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қостанай облысы Жітіқара қаласында құрылыс басқармасында жұмысшы, комсомол комитетінің хатшысы, қалалық, облыстық комитеттің нұсқаушысы (1961–1987) «Ленинский путь» (1992 жылдан «Костанайские новости») редакциясында редактордың орынбасары (1987–1992); 1992 жылдан бас редактор қызметін атқарды.
Ғылыми еңбектері
«Социальное настроение общества и факторы влияющие на его формирование» тақырыбында докторлық диссетация қорғады. 40-тан астам ғылыми жарияланымның авторы.
Марапаттары
«Құрмет» орденімен (1998) марапатталған.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
Дереккөздер
Санат:7 шілдеде туғандар Санат:1945 жылы туғандар Санат:Житомир облысында туғандар Санат:Қазақстан тарихшылары Санат:Тарих ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан әлеуметтанушылары Санат:Әлеуметтану ғылымдарының докторлары Санат:Құрмет орденінің иегерлері