Мұхаммед Ағзам (; 8 шілде 1653 жыл — 19 маусым 1707 жыл) — Ұлы Моғолдар патшалығының 7-ші падишаһы. Ұлы Моғолдар патшалығының негізін қалаушысы Бабырдың жүрежаты. I Акбардың шөпшегі.
Толық атағы: Падишаһ-и-Мүмәлік, Әбілпейіз Кутубуддин Мұхаммед Ағзам, Шаһ-и-Әли, Шаһ Ғази.
Өмірбаяны Мұхаммед Ағзам 1653 жылдың 8 шілдесінде Бурханпурда дүниеге келді. Ол I Әлемгірдің үшінші ұлы болатын. 1678 жылы Кока Ағзам хан қайтыс болуы себепті I Әлемгір Мұхаммед Ағзам шаһзаданы Бенгалияның субадары етіп тағайындады. 1681 жылы шаһзада Шаһ-и-Әли деген мансапты иеленіп, тақ мұрагері болып жарияланды. 1685-1686 жж. тақ мұрагері әкесінің маратхилерге қарсы соғысына қатысты. 1701 жылы Гуджараттың субадары болып тағайындалды.
Билеген жылдары 1707 жылдың наурызында I Әлемгір қайтыс болуы себепті падишаһтың үш ұлы Мұхаммед Ағзам, Мұхаммед Муаззам (келешектегі I Баһадүр) және Мұхаммед Кам Бахш бір-біріне қарсы тақ үшін соғыс бастады. Мұхаммед Муаззам сол кезде тақ мұрагері еді, және ол үлкен әскермен Кабулдан патшалық елордасы Аграға жорық бастады. Мұхаммел Ағзам да тақ иелену құқығын білдіріп, өзін падишаһ етіп жариялайды. Мұхаммед Муаззамның екінші ұлы Шаһзада Сұлтан Азимуш Шан Бенгалиядан әскер бастап, елорданы басып алды. Тек елордалық қорған оған берілмеді. Сол айда Мұхаммед Ағзам Шаһ Аграға жорық жасап, 14 наурызда падишаһ тағына отырды. Елордалық қорған басшысы оны падишаһ деп мойындап, оған берілді. Сол жылдың маусымында Шаһзада Мұхаммед Муаззам Аграға жақындады. Шешуші шайқас 18 маусымда Джаджау деген жерде өтті. Мұхаммед Ағзам Шаһтың әскерінде 45 мың жауынгер және 65 мың атты әскер болды. Оның Асад хан мен оның баласы Зүлфикяр хан қолдады. Екі жақтың шығын 10 мың жауынгерге жетті. Нәтижесінде Шаһзада Мұхаммед Муаззам Мұхаммед Ағзам Шаһты жеңді. Шайқаста падишаһ пен оның екі ұлы қайтыс болды.
Дереккөздер
Санат:1653 жылы туғандар Санат:1707 жылы қайтыс болғандар Санат:Агра тұлғалары Санат:Ұлы Моғолдар падишаһтары Санат:Үнді монархтары Санат:Үндістанда туғандар Санат:Үндістанда қайтыс болғандар