Мырзабай ахун — Қызылорда облысы Жалағаш ауданы, Мырзабай ахун ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Жалағаш кентінен оңтүстік-батысқа қарай 25 км жерде, Сырдария өзенінің сол жағалық аңғарында орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1412 адам (712 ер адам және 700 әйел адам) болса, 2009 жылы 1344 адамды (677 ер адам және 667 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Тарихы Ауыл 1996 жылға дейін "Қазақстанның 20 жылдығы атындағы" ауыл деп аталған. 1956-1996 жылдары күріш өсіретін «Мәдениет» кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1996-1997 жылдары Мырзабай Ахун ауылында ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
Дереккөздер
Санат:Жалағаш ауданы елді мекендері