Аустралия доллары (таңбасы: $; коды: AUD) — Аустралия Одағының валютасы, сонымен қатар Кристмас, Кокос және Норфолк аралдарында және Кирибати, Науру және Тувалу тәуелсіз тынық мұхит мемлекттерінде қолданылады. 100 центке бөлінеді. Әдетте доллар таңбасымен ($) қысқартылады, бірақ басқа да белгілеу нұсқалары бар: A$, $A, AU$ и $AU.

1988 жылдан бастап банкноталарды шығару үшін қағаз емес, арнайы жіңішке пластик қолданылады.

Тарихы Аустралия доллары, ондық валюта болғаннан кейін, Аустралия фунтын алмастыра отырып, анайналымға 1966 жылдың 14 ақпанында енгізілді.

Жаңа ұлттық валютаны енгізуді Аустралияның резервтік банкі 1960 жылы бастамашылық етті. Ұзақ уақыт бойы елде жаңа ақша белгісінің макеттерін әзірлеу және дайындық жұмыстары жүргізілді. Осы уақыт ішінде валютаның аталуы бойынша мыңнан астам ұсыныс жасалды. 1965 жылы Аустралия премьер-министрі Роберт Мензис «the royal» деген атауын ұсынды. Бірақ бұл ұсыныс халық арасында қолдау алмады, сондықтан валюта доллар деп аталды. Трейдерлер жаргонында Аустралия доллары «оззи» ( - аустралиялық) деп аталады.

1988 жылы алғашқы платикалық банкнота шығарылды.

Құндылығы Аустралия доллары әлемдегі ең сатылатын валюталар арасында бесінші орында (АҚШ долларынан, Еуродан, Жапон иенінен, Фунт стерлингтен кейін), әлемдік валюталық операциялардын 5 % алып тұр. Сатушылар арасындағы валютаның сұранысы Аустралиядағы жоғары пайыз мөлшерлемесімен, валюта нарығына үкіметтің араласуынан біркелкі еріктілігі, Аустралия экономикасының және саяси жүйесінің жалпы тұрақтылығымен түсіндіріледі.

+ Құндылығы бойынша ең сатылатын валюталар Жаһандық валюта нарығындағы айналымның ағымдағы үлесі # Валюта ISO 4217 коды(таңбасы) % күнделікті үлесі(2016 сәуір)  АҚШ доллары 87.6%  Еуро 31.3%  Жапон иені 21.6%  Фунт стерлинг 12.8%  Аустралия доллары 6.9%  Канада доллары 5.1%  Швейцария франкі 4.8%  Қытай юаньі 4.0%  Швед кронасы 2.2%  Мексика песосы 2.2%  Жаңа Зеландия доллары 2.1%  Сингапур доллары 1.8%  Гонконг доллары 1.7% Норвег кронасы 1.7% Оңтүстік Корея вонасы 1.6%  Түркия лирасы 1.4% Үндістан рупиясы 1.1%  Ресей рублі 1.1% Бразилия реалы 1.0% Оңтүстік Африка ранды 1.0% Қалған валюталар 7.1%Барлығы 200.0%

Мәнеттер 1966 жылы құны 1, 2, 5, 10, 20 және 50 центті мәнеттер айналымға енгізілді. Бір долларды мәнет 1984 жылы шығарылды, ал екі долларды мәнет — 1988 жылы. Құны 1 және 2 центті мәнеттер айналымға 1991 жылы, 1 долларлы банкнота 1984 жылы, ал 2 долларлы - 1988 жылы енгізілді.

Барлық мәнет тәріздес Аустралия долларларында аверсте II Елизаветаның суреті бейнеленген және Австралия корольдік ақша сарайымен () шығарылады.

Аустралия үнемі құны 50 центті естелік мәнеттерді шығарады. Алғашқысы 1970 жылы Джеймс Куктың Аустралия құрлығының шығыс жағалауын зерттеуі үшін еске алу құрметіне арналып шығарылды. Кейін, мәнеттер 1977 жылы II Елизаветаның күміс мерей тойына, 1981 жылы Чарльз ханзадасының және Диана ханшайымның үйлену тойына, 1982 жылы Брисбенде өткен Достастық ойындарының құрметіне және т.б. оқиғаларға арналып шығарлыды.

Аустралия мәнеттері Сурет Номинал Техникалық параметрлері Сипаттама Алғашқы шекудіңдатасы Диаметрі Қалындығы Салмағы Құрамы Шеттері Аверс Реверс 1¢ (айналымнан шықты) 17,53 мм 2,59 г 97 % мыс2,5 % мырыш0,5 % қалайы II Елизавета Құйрығы қауырсынды акробат 1966 2¢ (айналымнан шықты) 21,59 мм 5,18 г Жағалы кесіртке 5¢ 19,41 мм <1,3 мм 2,83 г Мельхиор75 % мыс25 % никель Гуртталған II Елизавета Ехидна 1966 136px 10¢ 23,60 мм <2 мм 5,60 г Құйрығы лира тәрізді үлкен торғай 170px 20¢ 28,52 мм <2,5 мм 11,30 г Үйректұмсық 199px 50¢ Додекагонең қысқасы:31,51 ммең ұзыны:32,00 мм 3 мм 15,55 г Тегіс Австралия елтаңбасы 1969 177px $1 25,00 мм <3 мм 9,00 г 92 % мыс6 % алюминий2 % никель Бөлшектеліпгуртталған II Елизавета Бес кенгуру 1984 155px $2 20,50 мм <3,2 мм 6,60 г Австралия аборигені 1988

Дереккөздер

Сілтемелер Аустралия доллары (Банкноттар)

Санат:Доллар Санат:Аустралия ақшасы Санат:Айналымдағы ақшалар Санат:Океания валюталары Санат:Кокос аралдары ақшасы Санат:Норфолк аралы ақшасы Санат:Рождества аралы ақшасы Санат:Херд және Макдональд аралдары ақшасы Санат:Кирибати ақшасы Санат:Науру ақшасы Санат:Тувалу ақшасы Санат:Ұжымдық және одақтық бірліктер Санат:Папуа - Жаңа Гвинея ақшасы