Джейн Ирвин Гаррисон (; 23 шілде 1804 – 11 мамыр 1846) – Америка Құрама Штаттарының президенті Уильям Генри Гаррисонның келіні және 1841 жылы АҚШ-тың Бірінші ханымы.

Өмірбаяны Джейн Гаррисон Мерцерсбург, Пенсильванияда, Арчибальд Ирвин және Мэри Рэмзидің отбасында дүниеге келді. 1813 жылы анасы қайтыс болған соң, Джейн және оның әпкесі мен ағасы әкесінің екінші әйелімен тұра бастады. Оның әпкесі Элизабет Ирвин 1831 жылы Уильям Генри Гаррисонның басқа ұлы - Джон Гаррисонға тұрмысқа шықты. Президенттің инагурациясына оның әйелі Анна Гаррисон науқас болғандықтан бара алмады. Сондықтан онымен бірге Джейн Гаррисон аттанды. Ол Ақ үйдің бәйбішесі 1841 жылы президенттің қазасына дейін бір ай болды.

Джейн 1846 жылы 11 мамырда қырық бір жасында қайтыс болды.

Сілтемелер Jane Irwin Harrison - Ask Jeeves Encyclopedia Reference for Jane Irwin Harrison - Search.com