Айсары әйнек құмды кен орны – өнеркәсіп орны. Ақмола облысы Бурабай ауданында, Щучинск қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 106 км, Айсары ауылынан батысқа қарай 5 км жерде орналасқан. Кен орны 1982 жылы барланған.
Жатыс сипаты, геологиялық құрылымы Пайдалы қабатының орташа қалыңдығы 9,4 м болатын палеогеннің хрустальді құмынан түзілген. Құм әйнек-шыны өнеркәсібінің шикізаты. Одан әйнек талшығын, қалбыр ыдысын, бөтелке (құмыра), терезе әйнегін, пено-әйнек, т.б. шығарылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақмола облысы кен орындары Санат:Әйнек кен орындары