Красноармейское — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Январцев ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2013 жылға дейін таратылған Красноармейск ауылдық округінің орталығы болды.Батыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Географиялық орны Аудан орталығы - Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 97 км жерде, Жайықтың оң саласы - Емболат өзенінің аңғарыңдағы боз, бетеге, т.б. әр түрлі шөптер өскен карбонатты қара топырақты дала белдемінде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 742 адам (348 ер адам және 394 әйел адам) болса, 2009 жылы 554 адамды (266 ер адам және 288 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 427 адамды (215 ер адам және 212 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы 1936 жылы құрылған «Заветы Ильича» астық ұжымшарының бөлімшесі болып келген. 1997 жылдан Красноармейское және Спартак ауылдарында 28 шаруа қожалығы құрылған.

Инфрақұрылымы Орталау мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Ауыл көшелері Комсомольская көшесі Красноармейская көшесі Мирная көшесі Набережная көшесі Октябрьская көшесі Пионерская көшесі Специалистов көшесі

Дереккөздер

Санат:Бәйтерек ауданы елді мекендері Санат:Жайық казак әскерінің тарихи елді мекендері