Очамчира — әр дәуірдегі археологиялық ескерткіштер табылған Абх. АССР-ндегі қала. Энеолит және ертедегі қола дәуіріне, көне заман мен орта ғасырға жататын қоныс орны толық зерттелді (М.М. Иващенко және Л.Н. Соловьев, 1935–1936 ж). Ежелгі қабатынан (б.з.б. 3-мың жылдық) ыдыстардың сынықтары, дән үгетін тас, кремний оқ ұштары мен орақ сыналары т.б. заттар табылды.Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, 8-ші том. 1976

Дереккөздер

Санат:Грузия қалалары