Шүкір Таңатарұлы Еркінов (1924 – 1949) – Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, дивизия барлаушысы.

Өмірбаяны Ақтөбе облысы Ойыл ауданында туған. 1942 жылы әскерге шақырылып, 43-ші жеке өзі жүретін артиллериялық танкіге қарсы истребитель дивизионының барлаушысы болды. Бұл дивизион Батыс және 1, 2, 3-ші Беларусь майдандарындағы шайқастарға қатысты. Сержант Шүкір Еркінов 1944 жылы үшінші дәрежелі, 1945 жылы екінші дәрежелі және 1946 жылдың 15 мамырында бірінші дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталады.http://batyrlar.blogspot.com/p/blog-page_22.html

Дереккөздер

Санат:Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары