Қосөзен — Алматы облысы Іле ауданы, Қараой ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Өтеген батыр ауылынан солтүстік-батысқа қарай 24 км, округ орталығы – Қараой ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 6 км жерде. Ауылдың батыс жағынан Қаскелең өзені ағып өтеді.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен14642663 4573 171,7 1346 2299 170,8 1317 2274 172,7

Тарихы Іргесі шошқа өсіретін кеңшардың (1954 – 97) бөлімшесі ретінде қаланған. Оның негізінде Қосөзенде 1997 жылы бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.

Дереккөздер

Санат:Іле ауданы елді мекендері