Құйрықсыз Тенрек — сүтқоректі (Жәндіккоректілер жасағы, Tenrec отбасы, түр Tenrec Ecaudauts). Мадагаскарда және оған жататын аралдарда өмір сүреді. Ұзындығы 26-3 см, салмағы — 1,5-2 кг. Жалпы сипаттамасы Тікендері: өткір, көтеріліп тұратын тікендері олардың мойнындарында орналасқан. Тікендерімен жыртқыш жануарлардан қорғана алады. Денесі: ауыр денесін жиі емес жүндер қаптайды, арқасында сезгіш қабыршақтар өседі. Құйрықтары қысқа, 1,5 см. Мұрыны: ұзын, үшкір келетін кішкентай сезгіш жүндермен қапталған. Мұрынның ұшы қызғылт. Сезгіштік қасиеті дамыған. Тырнақтары: өте өткір, құрттарды қазу үшін бейімделген.
Өмір салты Тенректер таулы шалғындарда өмір сүреді. Алайда олардың сүйікті мекені жылырақ жерлерде бұтақты жерлер және орман болып табылады. Бұндай жауарлар түнде өмір сүреді. Ал азанда жартастарда немесе қуыстарда ұйықтайды. Мадагаскардағы қыс құрғақ болады. Ол сәуір айында басталып, қыркүйекке дейін жалғасады. Олар қыс мезгілінде ұйқыға батады. Ұйқысының ұзақтығы температурамен қорларына байланысты. Өмір сүру ұзактығы 6 жылға дейін. Әдеттері: түнде жалғыз жүреді; балалары топпен қоректенеді.
Қорегі Кешкісін қорек іздеуге шығады.Бұл жануардың сипап-сезу қасиеті мен есту қасиеті жақсы дамыған. Бұл қасиеттері тамақ табуға және жауынан қорғануға көмектеседі. Тенрек жерден тырнақтарымен ұзын мұрнының арқасында жәндіктерді қазып алады.Сонымен қатар, азық ретінде өсімдіктерді де жейді. Ол жауын құртын, инелікті жейді.
Көбею Жүктілік 2 айға созылады, аналық көп ұрпақтар қалдыра алады. Жылына 12- ден 16-ға дейін. Оларды тамақтандыру үшін кейде аналық күндіз де, азық іздеуге. Басында балалары әлсіз болады. Алайда, олар тез өсіп, бір айдан соң анасының сүтін емуден бас тартады.Энциклопедия, 240 бет
Дереккөздер