Ескелді би ауылы — Жетісу облысы Қаратал ауданындағы ауыл, Ескелді ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Үштөбе қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км-дей жерде, Көксу өзеннің оң жағасындағы бетеге, боз, көде, жусан, айрауық басым өскен қоңыр, қызыл қоңыр топырақты жазық өңірде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен13431424 1393 97,8 703 701 99,7 721 692 96
Тарихы Іргесі 1927 жылы қаланған. Ұжымдастыру кезінде (1930) “Новый мир” және Крупская атындағы ауыл шаруашылығы артельдері “Крупская” қызылша өсіру ұжымшарына бірікті. Ауылда шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтер құрылған. Ауылдың бұрынғы атауы "Дальний Восток". Ауылға Қаратал өңірінде жатқан 18 әулиенің үлкені Ескелді би есімін беру туралы шешім қабылданып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.07.2000 жылғы №21-71 қаулысымен және облыстық маслихаттың 1993 жылғы 13 наурыздағы №2-11 шешімі және 19.06.1992 жылы Тельман ауылдық кеңесінің қаулысымен (бұрынғы Дальний Восток селосы) ел қорғаны Жылкелдіұлы Ескелді бидің (1692-1780 жыл) есімі берілді.
Ауыл арқылы мемлекеттік маңызы бар Алматы — Өскемен автомобиль жолы өтеді.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Қаратал ауданы елді мекендері