Оспанәлі Иманәлиев (Сұржебе ҚорамсақовПисатели Казахстана. Справочник. Алма-Ата, Жазушы, 1982, стр. 100) (21 желтоқсан 1927 жыл, Талас ауданы, Ойық ауылы – 1997 жыл, Тараз қаласы) – ақын, жазушы. Ысты руынан шыққан.
Өмірбаяны Жамбыл зоотехникалық-малдәрігерлік техникумын (1948) бітірген. Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін (1963) бітірген. 1948 – 1958 жылы Талас ауданында зоотехник Талас ауданы комсомол комитетінің бірінші хатшысы Талас аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі Талас аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі болды. 1963 – 1991 жылы «Социалистік Қазақстан» газеті «Ара» журналында бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. Шығармалары «Тұңғыш кітап» (1963), «Отан ұлы» (1964), «Тайға міндім» (1965), «Қызыл жалау» (1967), «Сәуір» (1971), «Май – мамыр» (1975) атты өлеңдер жинағы, «Бұйрық пен сыйлық» (1966), «Безбүйрек» (1968), «Соқырішек» (1973), «Сыңар кебіс» (1977), «Егізбүйрек» (1977) деген әзіл-сықақтары, «Байқадам» (1980) повесі, «Жаннат жер» таңдамалысы жарық көрді. 1980 жылы «Ылғалсыз көктем», 1995 жылы «Аққайың жарды бүршігін» кітаптары жарияланды.Тараз Энциклопедиясы
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Сыншыл, сыршыл қаламгер ұлағаты “Бір сөзі мың жыл жүрсе дәмі кетпес”
Санат:21 желтоқсанда туғандар Санат:1927 жылы туғандар Санат:Талас ауданында туғандар Санат:1997 жылы қайтыс болғандар Санат:Таразда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан ақындары