Қарақұдық (2009 ж. дейін — Черноводск)Алға ауданының Черноводск селосын Қарақұдық ауылы деп қайта атау туралы — Ақтөбе облысы Алға ауданындағы ауыл, Қарақұдық ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Алға қаласынан солтүстік-батысқа қарай 48 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 984 адам (488 ер адам және 496 әйел адам) болса, 2009 жылы 846 адамды (427 ер адам және 419 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 941 адамды (466 ер адам және 475 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Алға ауданы елді мекендері