Іле сасыры () – шатыршагүлділер тұқымдасының сасыр туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Шолақтау, Бөгеті, Сөгеті тауларындағы кеуіп қалған өзендердің арналарында, құмды-тастақты жерлерде, су жырған жіңішке арналарда кездеседі. Биікт. 1 м-дей, сабағы жуан,ұшы жиі бұтақталған. Жапырағының үстіңгі беті түксіз, астыңғылары – сұрғылт түкті, ерте қурап қалады, жалпақ, үш қайтара қа-уырсынды тілімденген, сабаққа кезектесіп орналасады. Гүлдері қос жынысты, аталығы – бесеу, аналығы – біреу. Тостағанша және күлте жапырақшаларының саны бесеуден, күлтесінің түсі бозғылт сары. Гүлдері шатырша гүлшоғырына топталған. Әр шатырында 10 – 15-тен гүлі болады. Тұқымынан көбейеді. Мамыр айында гүлдеп, шілдеде жеміс салады. І. с-ы – жойылып бара жатқан, өте сирек кездесетін, реликті, эндемикті өсімдік ретінде қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Қазақ Энциклопедиясы, 9 том

Пайдаланылған cілтемелер Әдеб.: Красная книга Казахстана, ч. 2, А.-А., 1981. Р. Әлімқұлова

Санат:Шатыршагүлділер