Ақкемер — Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы ауыл, Ақкемер ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Қандыағаш қаласынан солтүстікке қарай 24,1 км жерде. Үстінен Ақтөбе-Атырау тас жолы, Орынбор-Ташкент темір жолы өтеді. Ауыл маңында Қазақ-қалмақ соғысына қатысқан Көтібар батыр кесенесі орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1678 адам (933 ер адам және 745 әйел адам) болса, 2009 жылы 1679 адамды (845 ер адам және 834 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1767 адамды (880 ер адам және 887 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Галерея
Дереккөздер
Санат:Мұғалжар ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері