Қараоба – Құмсағыз құмының солтүстік-шығысындағы тау.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қосарал ауылының шығысында 15 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 279 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8-9 км-ге созылып жатыр, енді жері 3,5-4 км шамасында.

Жер бедері Беткейлері жайпақталып, жазыққа ұласады. Шығысында Төрткүл төбесі мен Құмсай қыстаулары, оңтүстігінде Жайылма, Дауыл, батысында Көкбұлақ қыстаулары орналасқан.

Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, жантақ, ши, өлеңшөп, т.б. бұталар өседі. Беткейі мал жайылымына пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Байғанин ауданы таулары