Союз-А (7K) ғарыш кемесінің жобасы (1963)Союз-А (7K) ғарыш кемесінің жобасы (1963)СипаттамасыМақсаты: Ғарышкерлерді Ай орбитасына жеткізуге арналған. Экипажы: 3Өлшемдері Биіктігі: 7.4 m Диаметрі: 2.50 mКөлемі: 6.2 m³Өнімділігі Ұзақтығы: 30 күн
Союз-А ғарыш кемесі — Кеңес Одағының Ай бағдарламасының жобаланған бастапқы қадамдарының бірі. Сергей Королевтың жобасы бойынша, экипажы екі адамнан тұратын Союз A-B-C Ай кешені Жер төңірегіндегі орбитада құрастырылып, содан кейін Айға қарай сапар шегуге тиіс болатын. Құрамдас бөліктерді Жер орбитасына жеткізуге өзінің тиімділігін көрсете алған Р-7 зымыранын қолдану көзделді. Союз-A 7K ғарыштық кемесімен бірге кешеннің құрамында Союз-B 9K үдеткіші және Союз-С 11К жанармай сақтағышы болуға тиіс болды.
7К бөлімі Айдың жанынан оның бетінен 1000-20000 шақырым қашықтықта ұшып өткен кезде оны зерттеу үшін камералар мен датчиктермен жабдықталуға тиіс болды. Жалпы ұшу уақыты 7-8 күн болуға тиіс болды.
Бұл ғарыш кемесі тек жоба күйінде ғана қалды. Айға ұшырылған жоқ.
External links
Санат:КСРО ғарыштануы Санат:Союз бағдарламасы Санат:Кеңес Одағының Ай бағдарламасы