Қарақұдық — Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы, Құмтоғай ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Ауыл аудан орталығы - Ырғыз ауылынан солтүстік-батысқа қарай 85 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 234 адам (121 ер адам және 113 әйел адам) болса, 2009 жылы 266 адамды (137 ер адам және 129 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 208 адамды (109 ер адам және 99 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Ырғыз ауданы елді мекендері