Марайа ( — аралы "Мария") — Тасмания аралының шығыс жағалауында орналасып (Австралия), Тасмания штатының құрамына кіреді. Ауданы — 101 км2. Арал өзінің жағалау суларының бөлігімен бірге Марайа-Айленд ұлттық паркін құрайды. Аралда тұрақты халық жоқ — тек қана ұлттық парк қызметкерлері мен туристер. 1820-жылдары арал тұтқындарға арналған колония ретінде пайдаланылған кезде пайда болған Дарлингтон (Darlington) шағын тарихи кенті аралдың солтүстік аумағында орналасқан.
Ерте британдық көшіп келушілер секілді Тасмания тұрғындары арал атауын (ma-rye-uh) дейді, алайда бастапқыда ол сөз айтылуы (ma-ree-uh) болған еді. Орыс тіліндегі Росткартография карталарында "Марайа"Австралия, Карта (Масштаб 1:6 000 000), Роскартография, 2003, Г-4194.жазылуы қолданылады.
Тарихы XVIII ғасыр және одан бұрынғы жылдары Ерте заманнан арал аумағында тасман аборигендері қоныстаған. Олар Ойстер-Бей () тайпаларына кірген және өздері Tyreddeme деп атаған. солға|нобай|200x200 нүкте|Марайа аралы бейнеленген Ван-Димен Жерінің картасы(1644) Аралға жеткен ең алғаш еуропалық экспедиция голландиялық теңізші Абель Тасманның саяхаты болды. 1642 жылы ол Ван-Димен Жерін (кейінірек Тасмания) ашқан кезде ол Марайа аралы маңайында болған. Ол Ост-Үнді голландиялық колониясының генерал-губернаторы Антони ван Дименнің әйелі Мария ван Дименнің (Maria van Aelst, ) құрметіне аралды Maria (нидер. Marias Eylandt) атады.
Осыдан кейін көптеген экспедициялар арал маңайынан өткен болатын. Марк Жозеф Марион-Дюфрен (, 1771), Тобиас Фюрно (, 1773) және Джон Генри Кокс (, 1789) экспедициялары осы саяхаттардың дәлелі.
1789 жылы Джон Генри Кокс экспедициясының мүшелері — Кокстың өзі, лейтенант Джордж Мортимер (), сондай-ақ капитанның екінші көмекшісі — Mercury кемесімен өздері кейінірек Ойстер (Oyster Bay) деп атап кеткен жағалаудың батыс бөлігіне тоқтайды. Саяхатшылардың есебіне сәйкес, олар мен аборигендер арасында достық қарым-қатынас ретінде сипатталған байланыстар болған.
XIX ғасыр 1802 жылы аралда француз саяхатшысы Николя-Том Боденнің (фр. Nicholas Baudin) экспедициясы болды. Боден жағалау белдейін зерттеуге өз жасағын жіберген болатын. Осы жасақ құрамында көптеген географиялық нысандарға атау берген географ Шарль-Пьер Буланже (фр. Charles-Pierre Boullanger) де болды. 20 ақпан, 1802 жылы Буланже, зоолог Франсуа Перон () және руль басқарушысының көмекшісі Жан-Мари Морар () Ойстер жағалауының солтүстік ұшында орналасқан Пойнт-Лесур ауданына тоқтады және сол жерде олар аборигендермен байланыс орнатты. Сол түні экспедиция хирургі және зоологы Рене Може (René Maugé) дизентерия ауруынан қайтыс болды . Ол келесі күні аралда жерленді.
оңға|нобай|200x200 нүкте|Джон Скиннер Праут, "Литл-Суонпорттан Марайа аралының көрінісі, Ван-Димен Жері"
Марайа аралы өнер туындыларында Марайа аралымен байланысты әйгілі суреттердің бірі - ағылшынтектес аустралиялық суретші Джон Скиннер Прауттың (John Skinner Prout, 1805-1876) — "Литл-Суонпорттан Марайа аралының көрінісі, Ван-Димен Жері" (, шамамен 1846, картина көлемі 29×35 см). Бұл шығарма Аделаида қаласындағы Оңтүстік Аустралияның Өнер Галереясында () орналасқан және сақталған.
Дереккөздер
Санат:Тасмания штаты аралдары Санат:Елсіз аралдар Санат:Томболо (рельеф формасы)