Рая Әбдешқызы Көзденова (1945 жылы 29 қарашада Қызылорда облысы Шиелі ауданында туған) — педиатр дәрігер. Медицина ғылымдарының кандидаты, профессор. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің Үздігі. Құрмет орденінің иегері.
Толығырақ Рая Әбдешқызы Көзденова 1945 жылы 29 қарашада Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. 1962 - 1968 жылдары С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (бұрынғы Алматы мемлекеттік медицина иниституты)ның Педиатрия мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1968 жылы Шиелі ауданының орталық ауруханасында учаскелік педиатр дәрігер болып бастаған. 1991 жылдан - 2013 жылға дейін Қызылорда медицина колледжінің директоры болды. 2013 жылдан Қызылорда облысының медицина ардагерлері кеңесінің төрайымы лауазымында. Көптеген ғылыми медициналық еңбектердің авторы. Облыстық маслихатқа депутат болып сайланған.
Марапаттары Медицина ғылымдарының кандидаты, профессор КСРОның "Еңбек Қызыл Ту" Ордені және медалдары бар. ҚРның Құрмет орденінің иегері 1998 - Астана медалі 2001 - Ерен еңбегі үшін медалі 2011 - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл медалі 2016 - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл медалі Еңбек ардагері медалі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің Үздігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін медалі Көптеген құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен марапатталған.
Санат:29 қарашада туғандар Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері Санат:Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздіктері Санат:Медицина ғылымдарының кандидаттары