УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы 2001 — 2000/01 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының шешуші матчы. 2001 жылы 23 мамырда Миландағы "Сан-Сиро" стадионында өтті. Германияның "Бавария" командасы мен Испанияның "Валенсия" командалары кездесіп, негізгі және қосымша уақыт 1:1 есебімен тең аяқталды. Пенальтилер сериясында "Бавария" 5:4 есебімен жеңіске жетіп, жеңімпаз атанды. Матч Шолу Матчта есеп 3-минутта-ақ ашылды. Доп "Бавария" қорғаушысының қолына тиіп, төреші пенальти белгіледі де, Гаиска Мендьета мүлт кетпеді. Төрт минуттаң соң "Валенсияның" қақпасына да пенальти белгіленді. Бұл жолы Сантьяго Канисарес Мехмет Шолльдің соққысын қайтарды.
50-ші минутта бәрібір мюнхендіктер пенальтиден гол соқты. Бұл жолы Штефан Эффенберг шатаспады - 1:0.
Пенальтилер сериясында "Баварияның қақпашысы үш соққыны қайтарып, командасына жеңіс әперді. Осы ерлігі үшін ол ойынның ең үздің футболшысы атанды.
Осылайша "Валенсия" қатарынан екі рет финалда сүрінді.
Протокол
Бавария: ққ 1 Оливер Канқр 2 Вилли Саньоль қр 4 Самуэль Куффурқр 5 Патрик Андерссон қр 25 Томас Линкеқр 3 Биксант Лизаразюжқ 23 Оуэн Харгривзжқ 11 Штефан Эффенберг (к)жқ 20 Хасан Салихамиджичжқ 7 Мехмет Шолль ш 9 Джоване Элбер Қосалқы құрам:ш 13 Пауло Сержио ш 19 Карстен Янкер ш21 Александр Циклер Бапкер: Оттмар ХитцфельдВаленсия: ққ 1 Сантьяго Каньисарес қр 20 Жослен Англомақр 12 Роберто Айяла қр 2 Маурисио Пеллегриноқр 15 Амедео Карбони жқ 19 Рубен Барахажқ 6 Гаиска Мендьета (к)жқ 18 Кили Гонсалес ш 35 Пабло Аймар ш 7 Джон Карьюш 17 Хуан Санчес Қосалқы құрам:қр 5 Мирослав Джукич жқ 8 Златко Захович жқ 23 Давид Альбельда Бапкер: Эктор Купер Дереккөздер
Санат:Бавария Мюнхен ФК ойындары Санат:Валенсия ФК ойындары Санат:УЕФА Чемпиондар Лигасы 2000/01 Санат:2001 жылғы футбол Санат:2001 жылғы мамыр Санат:Миландағы халықаралық спорт жарыстары Санат:Италиядағы футболдан халықаралық жарыстар Санат:УЕФА Чемпиондар лигасының финалдары