Мыңшұңқыр – Балқаш көлінің солтүстік-батысында, Мойынты өзенінің сағасынан оңтүстікке қарай орналасқан қоныс. Солтүстігін Жуантөбе тауы, оңтүстігін Балқаш көлі, батысын Мойынты – Шу темір жолы, шығысын Ақирек тауы қоршап тұр. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 65 км-ге созылып жатыр, ені 25 – 30 км. Төрттік дәуірдің аллювийлік-делювийлік борпылдақ шөгінділері жауып жатқан карбон жыныстарынан түзілген. Сұр, сұр құба, сортаң топырағында түрлі жусан, баялыш, бұйырғын, тағы басқа шөлдік өсімдіктер өседі. "Қазақ энцклопедиясы - VI"Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

Дереккөздер

Санат:География