Мартин Макдонах немесе Макдона (; , Лондон, Англия, Ұлыбритания) — Британ-ирландтық кинорежиссер, сценарист, продюсер және драматург. Жеті пьеса мен үш толық метражды фильмдердің қоюшысы – «Брюггеде» (2008), «Жеті есалаң» (2012) және «Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд» (2017). «Үздік қысқа метражды ойын фильмі» (Алты оқ-дәрі) номинацисында «Оскар» лауреаты.
Өмірбаяны Мартин Макдона Лондонда Камбервелл ауданында 1970 жылы ирнландық құрылысшы мен сыпырушының отбасында дүниеге келді. Оның ата-анасы Голуэйге оралды, ал Мартин және оның ағасы Джон Лондонда қалды. Кейінрек 16 жастан кейін жұмыссыздық жәрдемақысын алып отырған. Мартинның ағасы, Джон, жазушы болғысы келген. Осының арқасында Мартин де өзі жазып көрмекші болды. Алғашқы жиырма радиопьесалар мен сценарийлер баспалармен қайтарылған болатын. Алайда 1997 жылы ол табысқа жетті: «Линэннке ару» пьесасы Бродвейде қойылды. Танылымнан басқа, Мартин «Evening Standard» және «Тони» театралдық жүлделерді ұтып алды.
Шығармашылық
Пьесалары: Инишмааннан жарымжан / The Cripple of Inishmaan (1996) Линеннен шыққан арулардың патшайымы / The Beauty Queen of Leenane (1996) Коннэмарадан бас сүйек / A Skull in Connemara (1997) Жетімсіреген Батыс / The Lonesome West (1997) Инишмордан шыққан лейтенант / The Lieutenant of Inismore (2001) Адам-жастық / The Pillowman (2003) Споканнан бір қолды адам / A Behanding in Spokane (2010) Баскесерлер / Hangmen (2015)
Фильмография
Режиссер: 2005 — «Алты оқ-дәрі» / Six Shooter 2008 — «Брюггеде» / In Bruges 2012 — «Жеті есалаң» / Seven Psychopaths 2017 — «Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд» / Three Billboards Outside Ebbing, Missouri 2022 — «Инешерин Багшиі» / The Banshees of Inisherin
Сценарист: 2005 — «Алты оқ-дәрі» / Six Shooter 2008 — «Брюггеде» / In Bruges 2012 — «Жеті есалаң» / Seven Psychopaths 2017 — «Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд» / Three Billboards Outside Ebbing, Missouri 2022 — «Инешерин Багшиі» / The Banshees of Inisherin
Продюсер: 2011 — «Сақшы» / The Guard 2012 — «Жеті есалаң» / Seven Psychopaths 2017 — «Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд» / Three Billboards Outside Ebbing, Missouri 2022 — «Инешерин Багшиі» / The Banshees of Inisherin
Дереккөздер
Санат:Ұлыбритания драматургтері Санат:Спутник сыйлығының иегерлері Санат:BAFTA марапаты иегерлері Санат:Алтын глобус сыйлығының иегерлері Санат:Үздік қысқаметражды көркем фильм үшін Оскар сыйлығының иегерлері