Дарын Шылбыұлы Тұяқов (25.05.1969 жыл, Талдықорған облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы) - мемлекет қайраткері.

Білімі

Ю.В. Андропов атындағы Ленинград жоғары әскери-саяси әуеде қарсы қорғану училищесін (1990) «Әскери-саяси ӘҚҚ» мамандығы бойынша; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін (1997) заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша; Халықаралық бизнес академиясын (Алматы қ., 2007) «Корпоративтік менеджмент», іскерлік админлік магистрі мамандығы бойынша тәмамдаған.

Қызмет жолы

1990 жылдан - КСРО Қорғаныс министрлігінде бұйрық беру лауазымдарында. 1992 жылдан - ҚР Әділет министрлігінің жетекші кеңес берушісі. 1993-1999 жылдары - Алматы қаласының коммерциялық құрылымдарында. 1999 жылдан - ҚР ІІМ органдарында әртүрлі лауазымдарда. 2002 жылдан - «Қазақтелеком» АҚ әртүрлі басшы қызметте; 2003 жылдың маусымынан - «Қазақтелеком» АҚ корпоративтік сатылымдар дирекциясының админ директоры. 2005 жылдан - «Астанателеком» бас директорының орынбасары - коммерциялық директоры. 2009 жылдан - «Қазақтелеком» АҚ мемлекеттік органдармен жұмыс женіндегі басқарушы директоры, басқарма мүшесі.Дарын Шылбыұлы Тұяқов 26.03.2018 жылдан бастап - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды.Дарын Тұяқов Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды

Марапаттары

Әскери-саяси училищелердің құрылуының 40 жылдығына орай «Отан мүдделерін қорғағаны үшін» (2008) медалы; «Астананың 10 жылдығы» (2007) медалы; ҚР Президентінің құрмет грамоталарымен (2005, 2007, 2010), марапатталған. ЕҚЫҰ саммиті кезінде телекоммуникациялар қызметтерін дайындап техникалық қолдау көрсеткені үшін ҚР Президентінің Алғыс хатымен алған. «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарімен марапатталған. Саланың дамуына қосқан жеке үлесі үшін «Үздік Байланысшы» атағын иеленген.

Дереккөздер