Сауль Ньигес Эсклапес (исп. Saúl Ñíguez Esclápez; 1994 жылы 21 қарашада Испанияның Эльче қаласында туғанhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/148928) — испан футболшысы, Испания Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушысы. Челси клубында өнер көрсетеді.

Мансабы "Реал Мадрид" клубының тәрбиеленушісі. 14 жасында "Атлетикоға" ауысты. 2010 жылдан бері "Атлетико" және "Атлетико Б" сапында ойнап келеді. Тек 2013-14 жылдары "Райо Валькано" командаларына жалға берілді. 2021 жылы тамыз айында "Челсиге" ауысты.

Ұлттық құрама сапында 2016 жылдан бері ойнап келеді. 2016 жылы 1 қыркүйекте Бельгияға қарсы жолдастық ойында алаңда 15 минуттай ойнады.

Саульдің әкесі Хосе Антонио жеті жыл бойы "Эльче" (бір жыл Ла Лигада) сапында ойнаған. Ағалары Хони мен Аарон да футболшы, Хони "Копер" (Словения) сапында, Аарон "Тенерифе" (Испания) командаларында өнер көрсетеді.

Жетістіктері

Клубтық Атлетико Мадрид УЕФА Еуропа Лигасы: 2011/12, 2017/18 Испания кубогы: 2012/13 Испания суперкубогы: 2014 Испания чемпионы: 2020/21

Халықаралық Испания-19 Еуропа чемпионы: 2012

Испания-21

Еуропа чемпионы: 2017

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Испания футболшылары Санат:Атлетико Мадрид ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары