Футболдан Еуропа чемпионаты 2008 (финал) — 2008 жылы 29 маусымда Венадағы "Эрнст Хаппель" стадионында өткен 2008 жылғы Футболдан Еуропа чемпионатының шешуші матчы. Испания құрамасы 1:0 есебімен Германияны ұтып, 44 жылдан соң екінші рет Еуропа чемпионы атанды.

Матч туралы фактілер Германия құрамасы алтыншы рет финалға шықты. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Испанияның бас бапкері Луис Арагонес Еуропа чемпионы болған ең жасы үлкен жаттықтырушы. Финалдық матч күні оның жасы 69-да еді. Бұған дейінгі рекорд 2004 жылғы Грекияның бапкері Отто Рехагельге тиесілі-тұғын (Рехагель 2004 жылы 65 жаста еді) Германия қақпашысы Йенс Леманн финалдық матчтар тарихындағы алаңға шыққан ең жасы үлкен ойыншы. Финал ойналған күні оның жасы 38 жас, 232 күн еді. Бұған дейінгі рекорд нидерландылық футболшы Арнельд Мюренге тиесілі. Ол 1988 жылғы турнирдің финалы күні 37 жастан 23 күн асқан еді.

Матч Протокол

GK 1 Йенс ЛеманнRB 3 Арне ФридрихCB 17Пер МертезакерCB 21Кристоф МетцельдерLB 16Филипп Лам CM 8 Торстен ФрингсCM 15Томас Хитцлшбергер RW 7 Бастиан ШвайнштайгерAM 13Михаэль Баллак (к) LW 20Лукас ПодольскиCF 11Мирослав Клозе Алаңға шыққандар:DF 2 Марсель Янсен FW 22Кевин Кураный FW 9 Марио Гомес Бапкер:Йоахим Лёв GK 1 Икер Касильяс (к) RB 15Серхио РамосCB 4 Карлос МарченаCB 5 Карлес ПуйольLB 11Жоан КапдевилаDM 19Маркус СеннаRM 6 Андрес ИньестаCM 8 ХавиCM 10Сеск Фабрегас LM 21Давид Сильва CF 9 Фернандо Торрес Алаңға шыққандар:MF 14Хаби Алонсо MF 12Санти Касорла FW 17Дани Гуиса Бапкер:Луис Арагонес

Сыртқы сілтемелер Матч жайлы Яндексте Матч жайлы Рамблерде

Санат:Футболдан 2008 жылғы Еуропа біріншілігі Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Футболдан Еуропа біріншілігінің финалдары