Футболдан Еуропа чемпионаты 1976 (финал) — 1976 жылғы Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық матчы. 1976 жылы 20 маусымда Белградтағы "Црвена Звезда" стадионында Чехословакия құрамасы ГФР футболшыларын пенальтилер арқылы 5:3 есебімен ұтты. Негізгі және қосымша уақыт 2:2 есебімен тең аяқталған болатын.
Фактілер Пенальтилер сериясында соңғы соққыны чехословакиялық Антонин Паненка тепті. Оның соққысы тіпті жұмсақ болды, аяқтың алқымымен көтеріп қана ата салды. Қақпашы Зепп Майер орнында қалғанда қиындықсыз қайтарар еді, бірақ ол сол бұрышқа атылды да, траекториямен баяу қалықтап ұшқан доп бос қалған қақ ортадан барып торға түсті. Кейін көпшілік пенальтиден дәл осы әдіспен соғылған голды "Паненка стиліндегі пенальти" деп атайтын болды.
Матч
ққ1 Иво Викторқ2 Карол Добиаш қ3 Йозеф Чапковичқ4 Антон Ондруш (к)қ5 Ян Пиварникж12Коломан Гёгж7 Антонин Паненкаж8 Йозеф Модер ж17Ян Швеглик ш10Мариан Масныйш11Зденек НегодаАлаңға шыққандар:қ6 Ладислав Юркемик ж16Франтишек Веселый Бапкер: Вацлав Ежек қ1 Зепп Майерқ5 Франц Беккенбауэр (к)қр2 Берти Фогтсқр3 Бернард Дицқр4 Ханс-Йорг Шварценбекж6 Херберт Виммер ж7 Райнер Бонхофж8 Ули Хёнессж10Эрих Бер ш9 Дитер Мюллерш11Бернд ХёльценбайнАлаңға шыққандар:ж15Хайнц Флоэ ж14Ханс Бонгарц Бапкер: Хельмут Шён
Тағы қараңыз Футболдан Еуропа чемпионаты 1996 (финал)
Сілтемелер ЕУРО-1976
Санат:Футболдан 1976 жылғы Еуропа біріншілігі Санат:Чехословакия Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:1976 жылғы маусым Санат:20 маусым оқиғалары Санат:Футболдан Еуропа біріншілігінің финалдары