Көктас – Қызыладыр және Шұбарайғыр тауларының аралығындағы шоқылы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында орналасқан. Ең биік жері 900 м шамасында. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, енді жері 5 – 6 км.

Жер бедері, геологиялық құрылымы Көптеген шоқылардан тұрады. Тау беткейлері көлбеулеу келген. Девон және тас көмірдің эффузивті кварцит, туф, порфирит жыныстарынан түзілген. Тау жартастары мен қиыршықтастары жер бетіне шығып жатыр.

Өсімдігі Бетегелі-жусанды дала өсімдіктері мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Қарағанды облысы

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары