Роберто Баджо (; 18 ақпан, 1967, Кальдоньо, Венеция, Италия) — Италия футболшысы, шабуылшы. Италия құрамасы тарихындағы ең мықты спортшылардың бірі. Үш әлем чемпионатына қатысқан (1990, 1994, 1998).
Мансабы Ұлттық құрамада Баджо 1990 жылғы әлем чемпионатына қосалқы құрам ойыншысы ретінде барды. Бірақ топтық турнир аяқталмай жатып-ақ Сальваотре Скиллачи екеуі Джанлука Виалли мен Андре Карневалені шетке ығыстырып, негізгі құрамға орнығып үлгерді. Баджо Чехословакияның қақпасына чемпионаттағы ең таңдаулы индивидуалды голдың бірін енгізді, алаңның ортасына жақын жерден доп алды да, алдынан шыққан барлық қарсылас ойыншыларды қапы қалдырып, жақын жерден қақпаға енгізді. Баджо мұнан соң үшінші орын үшін ойында Англияның да қақпасына да гол соқты.
1994 жылғы әлем чемпионатында Баджо сөз жоқ, құрама жетекшілерінің бірі ретінде барып, онысын дәлелдеді де. Италия плей-офф кезеңдеріндегі барлық ойындарында бірдей есеппен (2:1) жеңіске жетті. 1/8 финалда Нигериямен кездесуде бір ойыншысы кем болып, оның үстіне 0:1 есебімен ұтылып тұрып, 88 минутта Баджо құраманы жеңілістен құтқарып қалды. Қосымша таймдарда Баджо пенальтиден гол соқты. Ширек финалда Испанияның қақпасына соңғы минуттарда жеңіс голын соқты. Жартылай финалда Болгариямен ойында дубль жасады. Осылайша құраманың финалға шығуына өлшеусіз үлес қосты. Бірақ финалда Бразилияның қақпасына матчтан соңғы пенальтилер сериясында гол соға алмай қателесіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
1998 жылғы әлемдік додада Баджо мен Кристиан Вьери жұбы Италияны ширек финалға дейін сүйреді. Алайда бұл жолы да Франциядан пенальтилер сериясы арқылы сүрініп, жарыстан шығып қалды. Бұл Баджо қатысқан ең соңғы ірі турнир еді. Құрама бапкері Джовани Трапаттони оны 2002 жылғы әлем чемпионатына баратын футболшылар тізіміне қоспады.
Бір айта кетерлігі, соншалық нәтижелі шабуылшы бола тұра, бір де-бір рет Еуропа чемпионатының финалдық турниріне қатыспапты.
Жетістіктері «Ювентус»
Италия чемпионы: 1994/95 Италия кубогы: 1995 УЕФА кубогы: 1993
«Милан»
Италия чемпионы: 1995/96
«Болонья»
Интертото кубогы: 1998
Италиия құрамасы
Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 1990 Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 1994
Ұлттық құрамадағы матчтары ДатаҚалаАлаң иелеріЕсепҚонақтарГолТурнир16.11.1988РимИталия 1:0Нидерланд -ЖОЖолдастық ойын29.03.1989СибиуРумыния 1:0Италия -ЖО22.04.1989ВеронаИталия 1:1Уругвай1ЖО20.09.1989ЧезенаИталия 4:0Болгария2ЖО14.10.1989БолоньяИталия 0:1Бразилия -ЖО11.11.1989ВиченцаИталия 1:0Алжир -ЖО15.11.1989ЛондонАнглия 0:0Италия -ЖО21.02.1990РоттердамНидерланд 0:0Италия -ЖО19.06.1990РимИталия 2:0Чехословакия1ӘЧ-199025.06.1990РимИталия 2:0Уругвай -ӘЧ-199030.06.1990РимИталия 1:0Ирландия -ӘЧ-199003.07.1990НеапольАргентина 1:1Италия -ӘЧ-199007.07.1990БариИталия 2:1Англия1ӘЧ-199026.09.1990ПалермоИталия 1:0Нидерланд1ЖО17.10.1990БудапештМажарстан1:1Италия1ЕУРО-1992 іріктеуі03.11.1990РимИталия 0:0КСРО -ЕУРО-1992 іріктеуі25.09.1991СофияБолгария 2:1Италия -ЖО21.12.1991ФоджаИталия 2:0Кипр1ЕУРО-1992 іріктеуі19.02.1992ЧезенаИталия 4:0Сан-Марино2ЖО25.03.1992ТуринИталия 1:0Германия1ЖО31.05.1992Нью-ХейвенИталия 0:0Португалия -ЖО06.06.1992ЧикагоАҚШ1:1Италия1ЖО09.09.1992ЭйндховенНидерланд2:3Италия1ЖО14.10.1992КальяриИталия 2:2Швейцария1ӘЧ-1994 іріктеуі18.11.1992ГлазгоШотландия 0:0Италия -ӘЧ-1994 іріктеуі20.01.1993ФлоренцияИталия 2:0Мексика1Товарищеский матч24.02.1993ПортуПортугалия 1:3Италия1ӘЧ-1994 іріктеуі14.04.1993ТриестИталия 2:0Эстония1ӘЧ-1994 іріктеуі01.05.1993БернШвейцария 1:0Италия -ӘЧ-1994 іріктеуі22.09.1993ТаллинЭстония 0:3Италия2ӘЧ-1994 іріктеуі13.10.1993РимИталия 3:1Шотландия -ӘЧ-1994 іріктеуі17.11.1993МиланИталия 1:0Португалия -ӘЧ-1994 іріктеуі16.02.1994НеапольИталия 0:1Франция -ЖО27.05.1994ПармаИталия 2:0Финляндия -ЖО03.06.1994РимИталия 1:0Швейцария -ЖО11.06.1994Нью-ХейвенИталия 1:0Коста-Рика -ЖО18.06.1994Нью-ЙоркИталия 0:1Ирландия -ӘЧ-199423.06.1994Нью-ЙоркИталия 1:0Норвегия -ӘЧ-199428.06.1994ВашингтонИталия 1:1Мексика -ӘЧ-199405.07.1994БостонНигерия 1:2Италия2ӘЧ-199409.07.1994БостонИталия 2:1Испания1ӘЧ-199413.07.1994Нью-ЙоркИталия 2:1Болгария2ӘЧ-199417.07.1994Лос-АнджелесБразилия 0:0Италия -ӘЧ-199416.11.1994ПалермоИталия 1:2Хорватия -ЕУРО-1996 іріктеуі06.09.1995УдинеИталия 1:0Словения -ЕУРО-1996 іріктеуі30.04.1997НеапольИталия 3:0Польша1ЕУРО-1996 іріктеуі10.09.1997ТбилисиГрузия 0:0Италия -ЕУРО-1996 іріктеуі02.06.1998ГётеборгШвеция 1:0Италия -ЖО11.06.1998БордоИталия 2:2Чили1ӘЧ-199817.06.1998МонпельеИталия 3:0Камерун -ӘЧ-199823.06.1998Сен-ДениИталия 2:1Аустрия1ӘЧ-199803.07.1998Сен-ДениИталия 0:0Франция -ӘЧ-199805.09.1998ЛиверпульУэльс 0:2Италия -ЕУРО-2000 іріктеуі10.02.1999ПизаИталия 0:0Норвегия -ЖО31.03.1999АнконаИталия 1:1Беларусь -ЕУРО-2000 іріктеуі28.04.2004ГенуяИталия 1:1Испания -ЖО
Сілтемелер Роберто Баджо — романтик мерген
Санат:Италия футболшылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Фиорентина ФК ойыншылары Санат:Болонья ФК ойыншылары Санат:Брешиа ФК ойыншылары Санат:Алтын доп иегерлері