Карл-Хайнц Румменигге (; 25 қыркүйек 1955, Липпштадт, Солт. Рейн-Вестфалия) — неміс футболшысы, шабуылшы.
Мансабы Карьерасының басым бөлігін "Баварияда" өткізді. Он маусым ойнап, екі рет Германия чемпионы, екі рет УЕФА Чемпиондар кубогын ұтып алды. 1984 жылы "Интерге" ауысып, үш жылдай ойнады. Карьерасының соңында Швейцарияның "Серветт" клубында доп тепті.
ГФР құрамасында он жылдай ойнап, 1980 жылы Еуропа чемпионы, 1982, 86 жылдары әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 1986 жылы финалда Аргентинаның қақпасына гол соқты. Бірақ ГФР бұл матчта 2:3 есебімен ұтылып қалды. Бұл оның құрама сапындағы соңғы голы еді. Сол жылы жарақаттың кесірінен ұлттық құрамадағы карьерасына нүкте қойды.
Жетістіктері
Командалық
Бавария
Германия чемпионы: 1980, 1981 Германия кубогы: 1982, 1984 УЕФА Чемпиондар кубогы: 1975, 1976
Құрлықаралық кубок: 1976
ГФР құрамасы
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 1982, 1986
Еуропа чемпионы: 1980
Жеке
Германия чемпионатының мергені: 1980, 1981, 1984 Швейцария чемпионатының мергені: 1989 Германияның үздік футболшысы: 1980 «Алтын доп» (France Football) иегері: 1980, 1981 «Күміс бутсы» иегері: ӘЧ-1982 «ФИФА 100»
Сілтемелер «Бавария» сайтындағы парақшасы fussballdaten.de сайтындағы статистикасы soccer-europe.com сайтындағы статистикасы rsssf.com сайтындағы құрамадағы статистикасы Красные щёки: Карл-Хайнц Румменигге Биографиясы
Санат:Германия футболшылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Алтын доп иегерлері