Ораз Мұқанұлы Қожасов (1950, Қостанай облысы Амангелді ауданы) – ұлттық музыка аспаптарын жасаушы шебер.

Ол жастайынан өнерге жақын, он саусағынан өнері тамған, ағаштан түйін түйген, шебер, сан қырлы өнер иесі. Оның жасаған ұлттық асапаптары республика деңгейінде танымал. 1969 жылы Алматы жастар эстрада студиясына түсіп, Консерватория профессоры Құбыш Мұхитовтан домбыра класын 1971 жылы өте жақсы бітіріп шығады. Туған жері Аманкелдіде музыка мектебінде домбыра класынан сабақ береді. Білімін көтері үшін 1975 жылы Алматының П.И.Чайковсский атындағы музыка училищесінде домбыра класына түсіп, 1980 жылы бітіреді. Көптеген жылдар музыка саласында жастарды тәрбиелеген ұлағатты ұстаз, домбырада өте шебер ойнайтын дәулескер күйші. Күйшілік өнерді ата-бабасынан қалған ұсталық шеберлікке айырбастаған азамат. Музыка мектебінде жұмыс істей жүріп, балалардың аспаптарын жөндеуден бастаған Ораз шеберлікке бет бұрады. 2004 жылы Арқалықтағы Абай Құнанбаев атындағы №6 орта мектепте жұмыс жасай жүріп, шеберхана ашады. Сынған музыка аспаптарын жөндеумен қатар, Қазақстанның әр жерінен табылған домбыралардың небір түрлерін жасап шебер атанады.

Жетістіктері Алғаш рет қос мойынды «Қоссаз» домбырасын ҚР премьер министріне сыйға тартқан. «Қоссаз» домбырасы облыстық, Республикалық көрмеде 1-ші дәрежелі дипломмен 2005 жылы марапатталды. Оның жасаған домбыра үлгілері бүгінде Арқалық қалалық дала өлкесі мұражайында сақтаулы. Бүгінде Ораз Қожасов жастарды қазақтың ұлттық қол өнерінің қыр сырына баулып жүрген шебер-ұстаз.«Қостанай облысы Торғай аймағы көрікті жерлерінің ақпаратты бағдар тізбегі» - Қостанай: ЖШС «Шапақ» баспасы, 2011 – 122 бет, - қазақша, орысша. Кітап авторлары: Елена Цвентух, Шоптибай Байдильдин, Арыстан Айтмагамбетов, Игорь Роговой, Дмитрий Артюх, Гулхашима Оразова, Бахытгуль Сакаупова, Манатбек Кожиков

Дереккөздер

Санат:1950 жылы туғандар Санат:Амангелді ауданында туғандар Санат:Алматы жастар эстрада студиясы түлектері Санат:Алматы музыка колледжі түлектері Санат:Ұсталар Санат:Торғай облысының құрметті азаматтары