Эдгар Стивен Давидс (; 13 наурыз 1973 жыл, Парамарибо) — нидерландылық футболшы, жартылай қорғаушы. Қара көзілдірік тағып ойнағанымен ерекшеленген ойыншы.

Мансабы Суринамда дүниеге келген, "Аякс" клубының селекционерлерінің көзіне түсіп, Нидерландыға келеді де, "Аякс" футбол мектебінде шыңдалады.

Карьерасында "Аякс", "Ювентус", "Барселона" секілді атақты клубтарда ойнап, клубтық деңгейдегі мүмкін болған жүлделердің бәрін ұтып алды.

1994 жылы тұңғыш рет Ирландиямен ойында ұлттық құрама сапында алаңға шықты. 1998 жылғы әлем біріншілігінің 1/8 финалында Югославияның қақпасына 90-минутта гол соғып, құрама 1/4 финалға шығады.

Фактілер

Балалық шағында шабуылшы болуды армандаған, бірақ бүкіл карьерасында жартылай қорғаныста ойнаған. 2001-02 маусымда допинг қабылдады деп айыпталып, дисквалификацияға ұшырайды. ФИФА көзілдірікпен ойнауға рұқсат еткен әлемдегі жалғыз футболшы.

Жетістіктері «Аякс»

Нидерланд чемпионы (3): 1993/94, 1994/95, 1995/96 Нидерланд кубогы (2): 1993, 2007 Нидерланд суперкубогы (3): 1993, 1994, 1995 УЕФА кубогы (1): 1992 Чемпиондар Лигасы (1): 1995 УЕФА Суперкубогы (1): 1995 Обладатель Межконтинентального кубка (1): 1995

«Ювентус»

Италия чемпионы (3): 1997/98, 2001/02, 2002/03 Италия суперкубогы (2): 2002, 2003 Интертото кубогы (1): 1999

«Интер»

Италия кубогы (1): 2005

Нидерланд құрамасы

Әлем чемпионатының жартылай финалисі: 1998 Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 2000, 2004

Жеке

Әлем чемпионатындағы символикалық құрам: 1998 Еуропа чемпионатындағы символикалық құрам: 2000 ФИФА 100

Дереккөздер

Сілтемелер Ресми сайты Профилі

Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Аякс Амстердам ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Тоттенхэм Хотспур ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары