Фернандо Луис Роза (; 4 мамыр 1985, Лондрина, Бразилия), қысқаша Фернандиньо () — бразилиялық футболшы, "Манчестер Сити" клубы мен Бразилия құрамасының жартылай қорғаушысы.

Мансабы Кәсіпқой карьерасын 2002 жылы "Атлетико Паранаэнсе" клубында бастап, ол командада үш жылдай ойнап, Еуропаға келді. 2005-13 жылдары Украинаның "Шахтер" клубында ойнап, алты рет Украина чемпионы атанды. 2009 жылғы УЕФА кубогының соңғы маусымында (келесі маусымында УЕФА Еуропа Лигасы боп өзгерді) топ жарды. УЕФА кубогының осы маусымында Фернандиньо алты гол соқты.

2013 жылдан бері Англияның "Манчестер Сити" командасында ойнап келеді.

Екі әлем чемпионатына қатысты (2014, 2018). 2014 жылғы әлем біріншілігінде Камерунның қақпасына бір гол соқты. Бұл әзірше ірі турнирлерде соққан жалғыз голы.

Жетістіктері

Клубтық

«Атлетико Паранаэнсе»

Бразилияның күміс жүлдегері: 2004 Либертадорес кубогының финалисі: 2005

«Шахтёр Донецк»

Украина чемпионы (6): 2005/06, 2007/08, 2009/10, 2010/11, 2011/12, 2012/13 Украина кубогы (4): 2007/08, 2010/11, 2011/12, 2012/13 Украина суперкубогы (4): 2005, 2008, 2010, 2012 УЕФА кубогы: 2008/09 Максим Шацких атындағы мергендер клубының мүшесі: 53 гол.

«Манчестер Сити»

Англия чемпионы (2): 2013/14, 2017/18 Футбол Лигасы кубогы (3): 2013/14, 2015/16, 2017/18

Бразилия

20-жасқа дейінгі әлем чемпионы: 2003 Америка кубогының жеңімпазы: 2019

Жеке

Прана штатының үздік жас ойыншысы: 2002 Украинаның үздік ойыншысы: 2007/08 Украинаның еңбек сіңірген спорт шебері: 2009

Сілтемелер Профилі

Санат:Бразилия футболшылары Санат:Шахтер Донецк ФК ойыншылары Санат:Атлетико Паранаэнсе ФК ойыншылары Санат:Манчестер Сити ФК ойыншылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары