Жозе Рейналдо де Лима (; 11 қаңтар 1957 жыл, Понти-Нова) — бразилиялық футболшы, шаубылшы. Бразилия Ұлттық құрамасында ойнаған.

Футболшы жайлы фактілер Ол кәсіпқой карьерасын 16 жасында-ақ "Атлетико Минейро" клубында бастады. 1973 жылы 28 қаңтар күні Минас-Жерайс чемпионатында "Валерио" клубына қарсы ойында алаңға шықты. Алғашқы голын 4 ақпан күні "Кальденсе" қақпасына енгізді. Футболшылық карьерасында өте көп жарақат алған, 8 рет ота жасатыпты. 1978 жылы әлем чемпионатына қатысты. Екінші турда Швецияның қақпасына гол соғып, есепті теңестірді — 1:1. Матч осы есеппен аяқталды. Туған клубы "Атлетико Минейрода" 12 маусым ойнады. Кейін біраз клубтарда бір маусымнан ғана доп тепті де, 1988 жылы не-бары 31 жасында карьерасын аяқтады.

Жетістіктері Командалық

Минас-Жерайс штатының чемпионы: 1976, 1978, 1979, 1980, 1981, 1982, 1983, 1985

Жеке Бразилия чемпионатының үздік мергені: 1977 (28 гол) Бразилиядағы "Күміс доп" иегері: 1977, 1983

Санат:Бразилия футболшыларыСанат:Атлетико Минейро ФК ойыншылары Санат:Палмейрас ФК ойыншылары Санат:Рио-Негро Манаус ФК ойыншылары Санат:Крузейро ФК ойыншылары Санат:Хеккен ФК ойыншылары Санат:Телстар ФК ойыншылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары

Сілтемелер Профилі (brasilnacopa) Профилі (СамбаФут) terceirotempo.ig.com.br Профилі galodigital.com.br comze.com